Аллергиясы барларға Pfizer вакцинасының кері әсері болуы мүмкін

18

Рfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы құрамына байланысты аллергиясы бар адамдарға қарсы болуы мүмкін. Бұл туралы Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Адам ағзасында РНҚ-ға өте белсенді әсер ететін интерферондар жүйесі бар. Бұл адам ағзасына тікелей көп мөлшерде енгізілетін РНҚ бар препарат болғандықтан, кері әсері де болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Гинсбургтің айтуынша, вакцинаның бұл түрі аллергиялық аурулармен ауыратын және табиғи иммунореактивтілігі жоғары адамдарға қарсы болуы мүмкін. Бұған дейін хабарланғандай, америкалық алып Pfizer және неміс BioNТech компаниясы Еуропалық Одақта коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді.

baq.kz