Аудандағы ахуал бақылауда

50

2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл ауданының аумағында жалпы COVID-19 індетінің 229 жағдайы, (100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 0,229 пайыз) пневмонияның 18 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте КВИ жағдайы тіркелмеген, пневмония 3 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Тіркелген жағдайлардың ішінде 108 науқас симптоммен (47,1 пайыз), 121 науқас симптомсыз(52,8 пайыз). 208 азамат сауығып шықса, 3-і емделуде, 3-і үй карантинінде.

Эпидемиологиялық тексеру барысында науқас тұлғалармен қатынаста болған 895 тұлға анықталды. Оның ішінде 851-і жақын қатынаста, 54-і потенциалды қатынаста болғандар. Қатынаста болған 870 тұлға қадағалау уақытының аяқталуына байланысты бақылаудан шығарылса, қалған тұлғалармен қаулыға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Стратегиялық жоспарға сәйкес пандемияның қайта қылаң беруіне аудандық орталық ауруханада 50 төсек-орын қарастыру және 83 медициналық қызметкерді жұмылдыру жоспарлануда. Аудандық ауруханада қабылдау бөлімі 2 блокка бөлінген (№1 –блок COVID-19 белгілері жоқ және жоспарлы аурулар, №2- блок фильтр COVID-19 белгілері бар балалар, жүкті әйелдер және ересектерді қабылдайды).

COVID-19 инфекциясына полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізу арқылы тестілеу 3 зертханада өткізіледі («Ұлттық сараптама орталығы», «Олимп» зертханасы, «СПИД» орталығы).

Барлық емдеу мекемесінде алғашқы көмек көрсетуге арналған фильтр бар (оқшауланған бөлмелер). Аурухана тарапынан құрылған мобильдік 14 топқа ауылдық оругтер тарапынан 10 қызметтік автокөліктері бекітілді

Жалпы пандемияға қарсы шараларды күшейту бойынша 75 медицина қызметкерлері оқытылды. 6 дәрігер оқытушы сертификатын алып, каскадты тәсілмен 192 медицина қызметкерлерін оқытты.

«СК – Фармация» серіктестігіне 2021 жылға коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің 125 түріне жалпы соммасы 28 миллиард 376 миллион 310 мың теңгеге сұраныс берілді.

Жамбыл ауданы бойынша ағымдағы жылдың 3 желтоқсанына мониторингтік топтар тарапынан 158 рейд жүргізіліп, 768 нысан қамтылды, рейд барысында 57 хаттама толтырылды.

«Ас-ЕР» мал базары мен автокөлік базарынан аудандық полиция бөлімінен 18 материал келіп, 7 материал қаралып, ҚР ӘҚБтК 426 бабының 1 бөлігімен айыппұл салынды.