Қазақстанда кальян шегуге рұқсат берген мейрамхана мен дәмхана иелері жазаланады
Елімізде төрт жыл бұрын қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынған болатын, бірақ бұл норма орындалмай отыр
Қазақстанда кальян шегуге рұқсат еткен мейрамханалар мен барлардың иелеріне салынатын айыппұл мөлшері ұлғайтылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ол қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы норма 2020 жылы қабылданғанын еске салды. Алайда елімізде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялануына байланысты осы жылдар аралығында көңіл көтеру орындарында бұл талап сақталмаған және оларға шара қолдануға мүмкіндік болмаған.