Азаматтардың медициналық шағымдарын қабылдау жүйесі жаңартылды
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі мәлімдеді
Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №132 бұйрығымен 2020 жылғы 8 қазандағы №648 «Біртұтас медициналық ақпараттық call-орталығының қызметін ұйымдастыру ережелері мен оның регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл өзгерістер 1414 байланыс орталығы арқылы медициналық көмек сапасына қатысты шағымдарды қабылдау функциясын алып тастау жолымен азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін қамтамасыз ету және дәрігерлік құпияны сақтау талаптарын орындау мақсатында жүргізілді.
Азаматтар медициналық көмек сапасына қатысты шағымдарын келесі цифрлық қызметтер арқылы жолдай алады:
– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты – msqory.kz;
– Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы.
Бұл ретте азаматтарға ТМККК және МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультациялар 1414 байланыс орталығы арқылы бұрынғы тәртіпте жүргізіледі.