Денсаулық

Бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мәлімдеді.

Алматыдағы 4-клиникалық ауруханада көп ағзалық донорлық операция жүргізіліп, бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Донор 1967 жылы туған ер адам болды, оның дәрігерлері мидың өлімін белгіледі. Отбасының келісімін алғаннан кейін көп ағзалық алу ұйымдастырылып, жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда елімізде ағза күтіп тұрған 4521 адам бар, оның ішінде 106 балалар бар. 

Биылғы жылдың алғашқы 10 айында тізімдегі 272 адам донор табылмағандықтан көз жұмған.

Ал, биылғы жылдың 12 айында қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан тек 14 жағдай тіркеліп, сол арқылы 60 өмірлік маңызды ағза трансплантацияланған.