Биыл облыстағы емдеу алдын-алу ұйымдарына 120 дана медециналық құрал-жабдықтар сатып алынады

0

Биыл өңірдегі емдеу алдын-алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланған,- деп хабарлайды jambylinfo.kz

 

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында денсаулық сақтау саласына қатысты 12 тармақ бар. Аталған тармақтардың аясында тұрғындардың денсаулығын жақсарту, медициналық мекемелерді құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, мобильді топ құру, дәрігерлердің біліктілігін арттыру сияқты бірқатар жобалар қолға алынған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов баяндады

 

Осы жол картасындағы 65-ші тармақ бойынша 2018 жылы Тараз қаласынан 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы басталды.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. А.ж шілде айында аяқтап пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

Короновирус індетіне байланысты 69-шы тармақ бойынша өңірде халыққа үйде медициналық қызмет көрсету, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу үшін медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары жанынан 214 ұтқыр әмбебап (мобильді) бригадалар ұйымдастырылып, жұмыс атқарылуда.

 

— Аталған жол картасында медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге де көңіл бөлінген. Бұл бағытта бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, емдеу алдын-алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарға енді.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен 720 бүлдіршінді балаларға арналған және емдік тағамдардың мамандандырылған өнімдерімен қамтамасыз ету қажет болатын.

 

Дәрімен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің деректері бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында барлығы 534 бала балаларға арналған және емдік тағамдардың мамандандырылған өнімдерімен қамтамасыз етілген,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Саттарқұлұы.

Сонымен қатар спикер, аймақтағы барлық жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталуда екендігін, GPS — навигациямен біріктірілген «КӨМЕК» автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылғанын да атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.