Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды

0

Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды. Бүгін Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстың эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады.
Айтуынша, соңғы 2 аптада облыс бойынша КВЭ 235 жағдайы тіркелді. Oның ішінде симптомдық ағымы бар 125 науқас, симптомсыз ағымы бар 110 науқас. Шектеу шаралары әлсіреген сәттен бастап, яғни 17 тамыздан бүгінгі күнге дейін 2 802 рейд жүргізілді, 14317 нысан тексерумен қамтылды, бұзушылықтар 906 нысанда анықталды. Бұл ретте жиі кездесетін кемшіліктер бетперделік режимді, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамағаны, бұқаралық іс-шараларды өткізгені үшін 490 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Бүгінде облыс бойынша анықталмаған пневмонияның 478 жағдайы тіркелген. Барлық науқастар пневмония диагнозымен облыстың медициналық ұйымдарына жүгінген кезде анықталыпты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша Жамбыл облысы жасыл аймақта орналасқан. Өңір бойынша жағдай тұрақты.
Айта кетейік, Қордай ауданындағы «Қарасу», «Аухатты», Мерке ауданындағы «Сыпатай батыр» және Жамбыл ауданындағы «Айша бибі» өткізу пункттері жұмыс істеп тұр. Аймаққа айырқалпақты елден келетін азаматтар 2 күндік карантиндік стационарға жатқызылады. Шетел азаматтары тек теріс нәтижелі ПТР тесті жасалынған анықтамамен ғана шекарадан өте алады. 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін 63206 адам шекарадан өтті. Оның ішінде 2267 адам 2 күндік карантиндік стационарға жатқызылып, ПТР әдісімен тексеруге алынды. Тексерілгендер арасынан Коронавируспен ауыратын 28 науқас анықталды. Анықталған науқастар оқшауланды. Эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп, науқастар және олармен жақын байланыстағы адамдар медициналық бақылауға алынды. Ал 1339 шетел азаматтарына теріс нәтижелі ПТР тесті болмағандықтан, елімізге кіруге рұқсат берілмеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.