COVID-19. 47 науқастың жағдайы өте ауыр

17

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 22 желтоқсандағы ақпарат жариялады.

22 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 126 адам короновирус инфекциясынан (13 348 КВИ+ және 11 778 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 384 пациент стационарда, 20 742 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 250 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

baq.kz