Денсаулық

Дәрігер күзде коронавирус кеңінен таралмас үшін не істеу керектігін айтты

Дәрігер күзде коронавирус кеңінен таралмас үшін не істеу керектігін айтты

Тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпені салу коронавирус инфекциясының кең таралуына жол бермейді.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың штаттан тыс бас инфекционисті, «И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігер-сарапшысы Тамара Ұтағанова онлайн брифинг барысында айтты. Дәрігердің айтуынша, күз мезгілінің келуімен көптеген созылмауы аурулар қозады. Оған қоса жедел респираторлық вирусты инфекция және тұмау такрауы мүмкін.

Дәрігер әсіресе қауіп тобына жататын азаматтардың вакцина салдырғаны жөн деген ойын білдірді. Қауіп тобына 65 жастан асқан азаматтар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы барлар, жүрек, бүйрегі ауыратындар және медицина қызметкерлері жатады. Оның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың таралу маусымы 1-ші қазан мен наурыз айының соңына дейін жалғасады. Оның алдын алу жұмыстары, яғни вакцина салу қыркүйек айынан бастау алады.

Сондай-ақ, ол қалада карантин шаралары жеңілдетілгенімен, маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану маңызды екенін айтты.

baq.kz