Денсаулық

Дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді – Денсаулық сақтау министрлігі

Оң көрсеткіш соңғы 3 жылда байқалған

Өткен жылы мемлекеттік сектордағы дәрігерлердің тапшылығы 4800 – ден астам штаттық бірлікті құрады, оның ішінде қалада - 3700, ауылдарда -1100. Бұл деректерді  ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келтірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Денсаулық сақтау министрлігі резидентураның цифрлық платформасын әзірлеуге бастамашы болып, онда тұтастай алғанда медициналық кадрлардың тапшылығы мен қажеттілігін ескере отырып, оқуға түскен сәттен бастап медициналық ұйымдарға жіберуге дейінгі барлық үйлестіру процесі жүзеге асырылады.

Оның айтуынша, бүгінде ең көп сұранысқа ие медициналық мамандықтардың қатарына терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтер, акушер-гинекологтар кіреді.