Дәрігерлер COVID-19-дың жаңа белгілерін атады

45

Британиялық ғалымдар бұрын пациенттер назар аудармаған коронавирустың үш жаңа белгісін хабарлады.

Ұсынылған құжатта иіс пен дәмнің жоғалуы, безгек, кеудедегі ауырсыну, бұлшықеттің ауыруы, дауыстың қарылуы, диарея, сандырақтау, аяқтың қышуы және бет пен мойында қызыл тыртықшаның пайда болатыны көрсетілген. Осы барлық белгі пациенттерде аурудың алғашқы аптасында пайда болуы мүмкін.

Бұл белгілерді ресми тізімге қосу әлі жоспарланбаған, өйткені бұл аурудың диагнозын қиындатады. Мамандардің түсіндіруіне қарағанда, бұл тестілеу жүйесіне жүктемені арттырып, оның дәлдігін 95-тен 19 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Сондықтан негізгі белгілерді әлі де дене температурасының жоғарылауы, иіс жоғалту және құрғақ жөтел деп қарастырған жөн.

Сауалнамаға қатысқан британиялықтардың тек 20 пайызы ауру белгілері болған жағдайда оқшаулануға дайын.

Құжаттың соңғы бөлімінде коронавирусты жұқтыруға ең сезімтал адамдар тобы келтірілген. Бұл жолы оларға үй шаруасындағы әйелдер кірді.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, үйді үнемі тазалап, отбасы мүшелерінің заттарын қолмен жуатын әйелдер коронавирусты жиі жұқтырады, өйткені инфекция үш күнге дейін өмір сүре алады.

 

aikyn.kz