ДДҰ коронвирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді
ДДҰ коронвирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді
Коронавирустың түрлері мен формалары COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда (коронавируспен ауыратындар саны) өсіп келе жатқан елдер мен науқастар саны азайып келе жатқан мемлекеттер де бар.
Ницан "көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейтінін" атап өтті. Себебі әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде екен.
Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 вирусының өршуіне байланысты пандемия жариялады.
ДДҰ мәліметіне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионнан асты. Індеттен 1 070 355 науқас көз жұмды.