Денсаулық

Елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізіледі

2025 жылы үш ерте араласу орталығын ашу жоспарланған

Соңғы 5 жылда ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында қан айналымы жүйесінің аурулары, екінші орында – қатерлі ісіктер, үшінші орында – психикалық аурулар тұр.

Айтылған мәліметтерге сәйкес, елімізде жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға көмек көрсету үшін 83 инсульт және 48 коронарография орталығы жұмыс істейді. Ересектерге медициналық оңалту жеті бейін бойынша көрсетіледі: кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия және 2024 жылдан бастап қатерлі ісіктер. Соңғы 3 жылда 772 денсаулық сақтау ұйымдарында оңалтуға бейінделген төсек қорының саны 2 есе артып, 8 мыңға дейін жеткізілді. 

Қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптарды арттыру үшін оңалту көмегін көрсету және жарақтандырудың ең төменгі стандарт талаптары қайта қаралды. 

2025 жылдан бастап созылмалы жұқпалы емес аурулардың асқынуларын ерте анықтау және алдын алу бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізілуде, бұл мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді, деп атап өтті министр.