Елімізде коронавирус жұқтырған 23 мыңнан астам науқас ем қабылдап жатыр

19

Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ақпарат бойынша  елімізде 23 498 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатқанын хабарлады.

Белгілі болғандай, қазір елімізде 23 498 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 272 адамның жағдайы ауыр;

• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

egemen.kz