Ғалымдар жылдам өлімге әкелетін жаңа белгіні атады

0

Халықаралық ғалымдар тобы жылдам өлімнің жаңа белгісін анықтады.

Рамблердің хабарлауынша, мамандар оң және сол қолда өлшенген қан қысымында айырмашылық болса инсульт пен инфаркт қаупі бар екенін айтады. Сарапшылар мета-анализ жүргізіп оның барысында 24 түрлі зерттеудің нәтижелері талданды. Жалпы алғанда,  Еуропа, АҚШ, Африка және Азиядан келген 54 мың адамның деректері қарастырды. Екі қолдың жоғарғы қан қысымының арасындағы үлкен айырмашылық қан тамырларының тарылуын немесе қаттылығын көрсетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде қан ағымына әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда айырмашылықтың 10 миллиметр сынабы норманың жоғарғы шегі болып табылады. Оның асып кетуі жоғары қан қысымы бар адамдардың 11 пайызында кездеседі, бұл халықтың төрт пайызына тән көрсеткіш.

ktk.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.