Карантин 20 қыркүйектен бастап күшейтіле ме?

0 33

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен бастап қатаң карантиндік шаралардың енгізілуіне қатысты қауесеттерге түсініктеме берді.

«Бүгінде эпидемиялық ахуал маусым мен шілде айланырына қарағанда әжептәуір тұрақталды деп айта аламыз. Сіздерге ресми ақпараттарға, яғни мемлекеттік органдардың нақты мәліметтеріне құлақ асқандарыңызды сұраймыз. «Жиналып, талқыналып қойды. Қыркүйек айында қайта карантиндік шектеулерді енгізеді» деген ақпараттар жалған екенін хабарлаймыз. Егер қатаң карантиндік шектеулерді енгізетін болсақ, оның өзі эпидемиялық ахуалдың беталысына қарай болады», деп нақтылады Бас санитар.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.