Карантин қазан айында жалғасын таба ма: Министрлік жауап берді

25

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов қазан айында карантин қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтып берді. «Бүгінде Қазақстанда орта есеппен ПТР арқылы ауырғандары расталған тұрғындар саны 500-600 мың аламды құрап отыр. Егер бұл көрсеткіш кенеттен 30 мыңға жетсе, бұл елде қатаң карантиндік шаралар қолдануға басты себеп болады», — дейді ол. Маманның айтуынша бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесі коронавирус індетінің екінші толқынына тойтарыс беруге барынша әзір отыр. «Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі (екінші толқынға — ред.ескертпесі) дайын отыр. Маусым-шілде айында біз ащы тәжірибеден өттік, бұл ақпараттарды ескерген біздің жүйе толықтай дайын отыр. Десе де, екінші толқыннан Құдай бәрімізді сақтасын», — дейді Бағдат Қоджахметов.

Маман қажеттілік туындаған жағдайда мекеме Қазақстанда стационарларда 70 мыңнан астам жатын орнын әзірлеуге дайын отырғанын алға тартты.

nur.kz