Кардиохирургтар күрделі жағдайдағы науқастың өмірін сақтап қалды
Айта кетейік, пациенттің отасы МӘМС жүйесі аясында ақысыз жасалған.
Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында 1962 жылы туған пациентке аса ауыр диагноз — қолқаның ажырап жарылған аневризмасы (DeBakey IIIb), интрамуральды гематомамен асқынған жағдай бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәрігерлердің айтуынша, бұл патология адам өміріне қауіп төндіретіндіктен шұғыл хирургиялық ота жасауға тура келген. Күрделі ота орталықтың кардиохирургтары мен рентгенхирургтарының және Алматы қаласынан шақырылған маман —Бауыржан Ормановтың (проктор ретінде) қатысуымен жүргізілген.
Ота да, отадан кейінгі кезең де асқынусыз өткен. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады, шағымдары жоқ. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.