15 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұр.
Ал «сары» аймаққа Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары кірген.
Кеше «сары» аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «жасылға» өткен.
Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.