Коронавирус белгілері бар пневмонияны жұқтырған 232 науқас анықталды

28

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 232 жағдайы тіркелді.

Оған қоса 51 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 32223, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26965 жетті.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 69 адамнан коронавирус індеті ПТР-тестілеу арқылы расталды. 170 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

 

egemen.kz