Коронавирус пен пневмониядан тағы он бір адам қайтыс болды

12

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан тоғыз адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулік ішінде 754 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 156 адам пневмонияға шалдықты.

 

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 126 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастардың арасында 231 адамның жағдайы ауыр,  47 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.
42 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Пандемия басталғаннан бері барлығы 149 462 адам коронавирус жұқтырды, 1 тамыздан бастап 44 951 адам  пневмонияға шалдықты.

Коронавирустан 2 218 адам, пневмониядан 483 адам қайтыс болды.

egemen.kz