Коронавирус: Қазақстанның 6 өңірі «қызыл» аймақта

0 4

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір — «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.