Коронавирус жұқтырған 140 адамның жағдайы нашар – министрлік

0 126

Елімізде коронавирус жұқтырған 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

“Қазақстанда коронавирус жұқтырған 5 073 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 863  науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 140 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған”, – делінген хабарламада.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.