Коронавирус жұқтырған 92 адамның жағдайы нашар

0 40

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиялық жағдайға байланысты соңғы деректермен бөлісті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 92 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.