Коронавирусты қайта жұқтыру қаншалықты қауіпті?

21

Ресейлік вирусолог Анатолий Альтштейн коронавирусты қайта жұқтырған адамның жағдайы қандай болатынын айтып берді.

Коронавирустың екінші толқыны басталғалы індетті қайта жұқтырғандар дерегі тіркелуде. Олардың екінші рет вирусты еңсеруі қалай болары көпке қызық, әрине. Ресейлік вирусолог коронавирусты екінші рет жұқтырғандардың ағзасы вирусқа қарсы тұруға дәрменсіз болуы мүмкін дейді. Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы — иммунитеттің беріктігі.

«Коронавируспен ауырып, одан жазылып шыққан адам барлық сақтық шарасын бірден сақтауы керек. Өйткені оның вирусты қайта жұқтыруы бек мүмкін. Ал қайта жұқтырған жағдайда алғаш рет жұқтырған жағдаймен салыстырғанда ауру өте ауыр формада өтуі мүмкін», — деді вирусолог.

Осы себепті дәрігерлер қай жағдайда да сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

egemen.kz