Коронавирустан айығып шыққандар қайта ауыруы мүмкін бе?

0 51

Коронавирустан айығып шыққандар бұл ауруға қайта шалдығуы әбден мүмкін. Сол себепті тиісті сақтық шараларын ұмытпаған жөн.

Отандық дәрігерлер осылай деп отыр. Ақ халаттылардың айтуынша, бұл індет екінші рет еш белгісіз өте алады. Сондықтан, вирусты басқа адамдарға жұқтырмау үшін үнемі маска тағып жүру керек.

Мамандардың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Ковид-19-дан  көз жұмған 10 адамның сегізі жасы 65-тен асқан азаматтар. Осы орайда үлкен кісілердің оқшаулануы өте маңызды. Әсіресе халық көп жиналатын орындарға барудан бас тартқан дұрыс.

Анжела Ашихмина, терапевт:

— Коронавируске қарсы иммунитет шамамен 3 ай бойы сақталады. Кейде бұл мерзім одан да ұзақ болуы мүмкін. Ал басқаларында керісінше тек бірнеше апта ғана созыла алады. Сол себепті айығып шыққандар қайтадан ауырып қалуы ықтимал. Карантин режимі бәсеңдетілгенімен әр адам өз-өзіне қатысты сақтық шараларын ұмытпағаны абзал.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.