«Марбург вирусы». Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Бұл туралы ведмствоның баспасөз қызметі мәлімдеді
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция – Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.
Марбург вирустық ауруы - адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.
Марбург қызбасының табиғи ошақтары - Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.
Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ПРОФИЛАКТИКА ШАРАЛАРЫН САҚТАУДЫ ҰСЫНАДЫ
Халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға эндемиялық елдерге барған кезде мынадай профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:
1) жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ болу;
2) Африка жунглиінде кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу;
3) жергілікті жануарлардың нашар қуырылған етін жемеу;
4) мысырлық жарқанаттардың көп саны - вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары бар үңгірлер мен шахталарға бармау;
5) аурудың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
6) жеке гигиена ережелерін сақтау.