Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан 1 өлім тіркелді

0 59

1 тамыздан бері 346 өлім жағдайы тіркелген.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 31760, 346 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26805 жетті.

Қазір коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

zakon.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.