Оттегі концентраторын табыстады

0 48
Қазіргі кезде әлемді дүрліктірген коронавирус індетінің беті қайтқандай көрінгенімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші толқыны туралы болжам жасап, кез келген қауіпке әзір болу керектігін ашық айтты.
Тіпті, бүгіннің өзінде ДДҰ-ның болжамы дәл келіп, бірқатар мемлекеттерде аты жаман індет қайта өршуде. Осыған байланысты, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі облыс орталықтары және аудан мен ауылдағы медицина мекемелерінің екінші толқынға сақадай сай болуы үшін барлық жағдайды жасап бағуда.
Осындай елең-алаң кезеңде жеке кәсіпкерлер мен қайырымдылыққа жаны құмар азаматтар да шет қалмай, жергілікті медицина мекемелеріне қолдан келген көмегін аямауда. Мәселен, жуырда ғана «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының өкілі Мәден Мұхаметхан аудандық орталық ауруханаға «ОZ-5-01TWO» үлгісіндегі үш бірдей оттегі концентраторын табыстады. Өз кезегінде аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асқар Байботаев қоғамдық қорға ризашылығын білдіріп, ауыл-аймақтағы медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

 

Ерғали АСХАТҰЛЫ
Leave A Reply

Your email address will not be published.