Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

110

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

25 қаңтардағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар.

Бүгінгі матрица Қазақстанның «қызыл» аймаққа кіргенін көрсетіп тұр.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.

egemen.kz