Қазақстан «сары» аймақта тұр

27

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Елдегі эпидемиялық ахуал 31 қаңтарға қарағанда айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары әлі де «қызыл» аймақта тұр. Сонымен қатар Қостанай облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Ал Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа кірді. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Осыған орай Қазақстан «сары» аймақта тұр.

egemen.kz