Қазақстанда өткен тәулікте 149 адам коронавирус індетінен айықты.
8 қыркүйектегі жағдай бойынша 149 адам коронавирус індетінен айықты. Оның ішінде Алматы қаласында — 7, Ақмола облысында — 9, Ақтөбе облысында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 14, Жамбыл облысында — 29, Батыс Қазақстан облысында — 38, Павлодар облысында — 24 және Түркістан облысында 27 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша Қазақстан бойынша жалпы жазылғандар саны 100042-ге жетті.