Қазақстандық вакцинаның ресейліктен айырмашылығы неде?

0 48

Бұл сауалға бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

Біріншіден, бұл екі түрлі платформада өндірілген вакцина. Біздегі екі вакцина – инактивті және суббірлікті. Инактивті вакцинаның технолгиясы бұрыннан белгілі, ол ол тірі емес вакцинаға арнайы адъванттардың қосылуымен жасалады. Бұл жылдар бойы көптеген елде қолданылып келген клиникалық сараптамалардан өткен технология. Мұндай әдіспен жасалған вакцинаны осы күнге дейін көпшілігіміз қолданып та көрген болармыз. Мұның өзі көңілге сенім ұялатады, — деді Аймағамбетов.

Марат Шорановтың айтуынша, ресейлік «Спутник 5» тірі векторлы вирустық вакцина болып табылады.

Оның белгілі бір тұрғындар тобына арналған қарсы көрсетілім бар. Олар жүкті және бала емізетін әйелдер, созылмалы аурулары бар жандар мен 18 жасқа дейінгілер мен 60-жастан асқандар. Ал қауіп тобына жататын осы азаматтар болғандықтан, отандық вакцинамен салыстырғанда ресейлік вакцинаның мұндай қарсы көрсетілімдері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді шектейді, — деді Шоранов.

baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.