"Төрт жылда бір рет тойлайды". Қыстың ең ұзақ күнінде Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді
2024 жылдың 29 ақпаны күні, яғни, Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқан күні еліміз бойынша 803 бала туған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, төрт жылда бір рет туған күн тойлайтын 118 бала Түркістан облысында, 81 нәресте Алматы қаласында және 79 сәби Астанада туған.