Таразда үшем дүниеге келді

0 4

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Жалпақ төбе ауылынан Абдуллаевтар отбасында үшем дүниеге келді.

Отбасы тірегі — Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы — Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр: 2015 жылы туған Айлану және 2018 жылы дүниеге келген Амелия.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүктілік отбасы үшін тосын сыйларға толы болды, үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшемге жүкті болды.

«Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм болды. Оларға әдемі есімдер берілді: Айлин, Әлия және Элиф. Туылғаннан кейін шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылуда»,- деді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір балалар анасымен бірге.

«Жас келіншекке қауіпті белгілердіің алдын-алу мен онымен жұмыс бойынша кеңестер берілуде», -делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.