Коронавирус инфекциясы жұқтырып, ауырған науқастың өкпесі қабынып, қайтадан қалыпқа келуіне біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, вирусолог Алексей Аграновский айтты.
«Өкпе айтарлықтай қабынса, адам ұзақ уақыт бойы демігіп, басқа да әсерлер пайда болуы мүмкін (оттегінің жетіспеуі)», — деді вирусолог.
Аграновский коронавирустың дем алу жүйесіне әсер етуі қайтымды болуы мүмкін екенін айтады.