Шымкентте әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді
Науқас Ерлан Асқаров 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған
Шымкент қаласында №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Донор – әйелі, ал күйеуі – реципиент. Хирургиялық жолмен әйелінің бүйрегін салдырған азамат 1975 жылы туған. Бір шаңырақта сүттей ұйып, берекесінің бастауы болған отанасы мен отағасы бүгінде отбасына оралды.
Науқастың адал жарына, абзал дәргерлерге деген алғысы шексіз.