Жамбылда биыл дәрі-дәрмек қымбаттамайды
Облысы бойынша 436 дәріхана бар
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің өкілі биыл облыста дәрі-дәрмек қымбаттамайтынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Базарханованың сөзінше, облысы бойынша 436 дәріхана бар. Ал, таңбалау операторының ақпараттық жүйесінде тіркеуден 252 дәріхана өткен.