Жамбылда жаңа туған нәрестеге нейрохирургиялық ота жасалды
Сәбидің анасы Ақерке Талантқызы бүгінде баласының жағдайы жақсы екенін айтып, дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.
11 шілде күні Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Жаңатас қаласының тұрғыны Ақерке Талантқызы дүниеге сәби әкелді. Алайда келесі күні нәрестеге «гидроцефалия» - яғни миға сұйықтық жиналуы диагнозы қойылды.
Сәбидің жағдайы облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтарының тұрақты бақылауында болды. 30 шілдеде, балаға 19 күн толғанда, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында нейрохирург Мирсаид Байматовтың жетекшілігімен сәтті ота жасалды.