Экономика

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Ұлттық банктің 24 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,72 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 – 527 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық банктің 24 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,20 теңге. Еуро — 544,09.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527,1 теңге. Еуро 543 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.