Аймақта егін орағы аяқталды

0 104
Ерте көктемнен жерге еңкейіп, күз айының соңына қарай бүгілген белін бір-ақ жазатын диқаншылар егін ору науқанын аяқтады. Бүгінгі күні 359,2 мың гектар алқаптан 816,6 мың тонна астық бастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 53,5 мың тонна артық өнім алынып отыр. Және әр гектардан алынған орташа өнім 22,7 ц/га құрады.
Облыс бойынша Меркі ауданында әр гектардан алынған өнім 24,4 ц/га. құрап көш бастаса, Қордай ауданында — 24,0 ц/га, Т.Рысқұлов ауданында — 23,0 ц/га, Шу ауданында — 22,9 ц/га құрап, облыстық деңгейден жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.
Жалпы биылғы жылы 149,7 мың гектарға бидай, 209,5 мың гектарға арпа егіліп, егін ору науқанына 816 комбайн қатысты.

 

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.