Әлемде астық бағасы қымбаттайды

0 75

Дәнді дақылдар халықаралық нарықта да қымбаттайды. 2021 жылдың соңында әлемдегі дақылдар қоры 895 млн тоннаға жетеді.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы осылай болжайды. Сәтті жиын-терімнің нәтижесінде жаһандық сатылым 442 млн тоннаға жетуі керек.

Соған қарамастан тамыздағы баға екі процентке өскен. Былтырғымен салыстырсақ, жеті проценттік өсім бар. Әсіресе жемдік астықтың бағасы аспандайды.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жорамалдауынша, биыл әлемдік астық өндірісі рекордты көрсеткішке жетеді. Былтырғыдан 58 миллион тоннаға артық өнім жиналады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.