Экономика

Атырауда мұнай компаниясы 700 млнға жуық теңгенің газын "желге ұшырған"

Өйткені, жер қойнауын пайдалану кезінде заңдылықтың сақталмаған

Атырау облысында  «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу  дейді прокуратура. Яғни көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек.