Экономика

Қазақстанда салық түрлері 20 пайызға азайды

Оның ішіне кейбір міндетті әлеуметтік төлемдер де бар

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салықтар мен басқа да міндетті төлемдер саны 20%-дан астам қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Азамат Әмриннің сөзінше, алып тастауға бірыңғай жер салығы енді. Бірақ, оның орнына ЖТС төленетін болады. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және жекелеген қызмет түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдалану секілді 3 төлем бар. Ал,  алымдардың 6 түрі, сондай-ақ мемлекеттік баждардың 5 түрі ұсынылады.