Экономика

Қазақстандық бизнесмен «АрселорМиттал Теміртауды» мемлекеттік ақшаға сатып алғаны рас па

Жылдық табысы екі млрд доллардан асатын комбинатта отыз мыңнан аса адам еңбек етеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев Qarmet-ті (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») мемлекеттік ақшаға сатып алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Бұған дейін желіде Qarmet-тің жаңа иесі Андрей Лаврентьев кәсіпорынды мемлекеттің қаржысына сатып алды деген ақпарат тараған еді. Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер өнеркәсіп министрінен мұның рас-өтірігін сұрады. 


Шенеуніктің айтуынша, кәсіпорында отыз мыңнан аса адам еңбек етеді, жылдық табысы екі миллиард доллардан асады. 


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың соңында Қарағанды металлургиялық комбинаты қазақстандық компанияның меншігіне берілді. "АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев сатып алды. Ал компанияның атауы "Qarmet" болып өзгерді.