Бүгін доллар мен еуро бағамы қандай
Ұлттық банктің 30 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 511,22 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 – 523 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Ұлттық банктің 30 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 511,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,73 теңге. Еуро — 540,05.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,14 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,23 теңге. Еуро 538,88 — 546,57 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 538,72 теңгеден сатылып, 548,92 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,81 - 4,96 аралығында саудаланып жатыр.