Экономика

Бүгінгі доллар бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 528 – 537 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 8 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,95 теңге. Еуро — 544,86, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 533,5 теңге. Еуро 545,5 — 552,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 530 теңге, сатып алу құны — 537 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.