Бағдарламаның бағыты айқын

38

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 2020 жылдың 28 қыркүйегіне атқарылған жұмыстар туралы

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны 2641, оның ішінен 2028 ауыл тұрғындары.
Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 3414, атап айтқанда:
— тұрақты жұмыспен қамтылғандары — 1 461
— қоғамдық жұмысқа жолданғандар — 970
— Жастар практикасы — 253
— Мемлекеттік грант алғандар — 296
— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту — 144
— Әлеуметтік жұмыс орындарына- 136
— Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға — 131
— Шағын несие алғандар- 23
Есепті кезеңде 990 жұмыссыз азамат есепте тұр,оның ішінде ауыл тұрғыны 776 адам.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Бүгінгі күнге 131 азаматтың барлығы қысқа мерзімді оқуға жолданды. Оның ішінде56 азамат оқуларын аяқтап толығымен жұмыспен қамтылды,қалған 75 адам оқуларын жалғастыруда.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша: 2020 жылы ауылға 29 азаматқа 92400,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланған.
Несие алуға жолдама алғандардың қатарынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 71 азамат жолдама алды,оның ішінен23 адам 87000,0 мың теңгенесие алды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру:2020 жылға 487 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 296 адам грант алды. Грант алғандардың ішінен 45 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 251 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2020 жылғы Әлеуметтік жұмыс орындарына 80 адамды жолдау жоспарланған. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен жолданғаны 136 адам. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 45, тұрақты жұмысқа 37 адам қамтылды.
Жастар практикасын ұйымдастыру үшін жоспарланғаны 241 адам.Бүгінгі күнге жолданғаны 253 адам. Жастар практикасын аяқтағандар 102, оның ішінен тұрақты жұмыспен 75 адам қамтылды.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастырубойынша бүгінгі күнге 970 адам жолданды.
Жаңа жұмыс орындарын құру жылдық жоспары 1147 адам болып белгіленген, орындалуы 1701 адамды құрады.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 нысан бойынша 980 жұмыс орыны белгіленіп, оның ішінде 490 жұмыскерді жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарланған. Бүгінгі күнге халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 548адам жолданды. Сарысу ауданы