Экономика

Биыл жыл басынан бері елімізде 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген

The final spritzer

Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, өткен жылдан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленген.  Оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге сомасына 384 купюра, АҚШ долларында сомасы 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, еурода сомасы 17 500 еуроға 35 купюра, ресей рублімен - 10 000 рубль сомасына 2 купюра анықталған. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады.