Бүгінгі доллар бағамы қандай?

20

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы өзгеріссіз қалды.

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 418,98 теңгені құраған. Ұлттық банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы: 1 доллар — 418,96 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 420,65 теңге, сатып алу – 419,16 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 420,66 теңгеден болса, ал сатып алу – 419,56 теңгені құрайды.

inform.kz